Алматы облысында тандыр сан сататын жігітті пышақтап кеткен

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты ауылдардың бірінде екі ер адам арасында жанжал болып, салдарынан олардың бірі пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Криминалды Қазақстан» telegram-арнасының мәліметінше, Ақтас ауылында жанжал болып, соның салдарынан тандыр нан сатып жүрген ер адам қаза тапқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол кінәсін мойындап, жауап берді. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдікті арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында күдікті ер адамға пышақпен екі рет жарақат салған, содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған», – деді Алматы облысының полициясы.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алматы облысы сатушы пышақтау тандыр нан