«Бір отбасынан үш адам жарақат алып, ұмыт қалдық»: Сотта жәбірленуші әділдік талап етті

Бүгін, 16:31 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін Астанада марқұм болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысында жәбірленуші Қалиева Гүлнәр Сақанқызы жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Апат болған күні сіңілім екеуміз ағам тұратын сол үйге барып, дүкенге кірмек болдық. Дүкенге кіріп бара жатқанда төбеден кірпіш құлады. Сіңілім кірпіштің астында жатып қалды. Мен есімді білемін, ағам мен жеңгеме телефон шалып болған жағдайды айттым. Сосын олар келді. Екі фельдшер қыз келді. «Ұлдана, кондиционер» деген дауысты ғана естідім. Бірінші Ұлдананы, кейін бізді салып, ауруханаға жеткізді. Сол апатқа дейін Қостанайда үй кезегінде тұр едім. Кезегім келіп тұр. Бірақ сол кезден бері жұмыс істей алмаймын. Үшінші топ мүгедектігін тағайындады. Табыс көзін растай алмағандықтан, маған зейнеткер ретінде кезегім келіп тұрған үйді бермей отыр. Бір отбасынан үш адам жарақат алып отырмыз. Сіңілім екеуміз де жұмысқа жарамаймыз. Бізді бір жағына ысырып қойған. Моральдық, психологиялық, физикалық жарақат алдық. Жарақатымыз жеңіл емес. Біз де ескерусіз қалмауымыз керек. Біздің материалдық-моральдық шығындарымызды кім өтейді? Біз ұмыт қалдық. Әділдік талап етемін», – деді ол.

Тэгтер:

Сот жәбірленуші фельдшер Ұлдана Мырзуан Әділет Зейнел