Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан азамат қамауға алынды

Бүгін, 16:26 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізілген іс-шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол — Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.