Күй тартқан украиналық бала көптің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Бүгін, 15:57 / Інжу Әлихан
Treds/yana_mash

Астанада тұратын украиналық отбасының ұлы домбыраға қызығып, қазақтың ұлттық аспабында күй тартуды үйренген. Яна есімді желі қолданушысы ұлының Украинаның тәуелсіздігіне орай «Ерке сылқым» күйін орындағанын айтып, домбыраның үніне тәнті болғанын жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кеше украиналық ұлым Украинаның тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай домбырада күй тартты.

Біз Астанаға келгенде, ұлым бұл аспапқа қатты қызықты. Сөйтіп, домбырада ойнауды үйренді. Қазір өнерімен құлағымыздың құрышын қандырып жүр.

Екі-ақ ішегі бар ғажайып аспаптың үні қандай керемет! Бұл – «Ерке сылқым» күйі», – деп жазды ол.

Көпшілік оның қазақтың ұлттық аспабына қызығып, өз еркімен ойнауды үйренгеніне қуанып, анасына алғысын білдіріп, балаға ақжолтай тілектерін жаудырды.

«Менің сүйікті күйім. Ұлыңыз жарайсыз! Домбыраның үні мен әуені шынымен де керемет!», «Оған домбыра ұнап, өз қалауымен ойнауды үйренгені қуантады», «Сізге және ұлыңызға мәдениетімізге деген құрметіңіз үшін рақмет!», «Таудай болсын», «Өркені өссін, берген тәрбиеңізге бас иемін, амандық тілеймін», – деді көпшілік.