Тың игеруші, белгілі мемлекет қайраткері Аслан Нехай өмірден өтті

Бүгін, 15:17 / Інжу Әлихан
СҚО әкімдігі

90 жасында белгілі мемлекет қайраткері, тың игеруші Аслан Нұрұлы Нехай дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аслан Нұрұлы саналы ғұмырын Солтүстік Қазақстан облысының дамуына арнап, үлкен де абыройлы еңбек жолынан өтті. Еңбек жолын агроном болып бастап, әр жылдары жауапты партиялық және басшылық қызметтер атқарды. Өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға, аграрлық саланың қалыптасуына және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосты.

Облыс әкімі Аслан Нұрұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл білдірді.

«Аслан Нехай әріптестері мен жерлестерінің зор құрметіне бөленген, елді ортақ іске жұмылдыра білген, өзіне жүктелген міндетке әрдайым үлкен жауапкершілікпен қараған азамат еді. Оны жоғары жауапкершілік, принципшілдік, еңбекқорлық және туған жеріне деген шынайы адалдық айрықша ерекшелендірді. Аслан Нұрұлының жарқын бейнесі оны таныған, бірге қызмет атқарып, еңбек еткен жандардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.