Оқу бағдарламасына «Конституция негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстары енгізіледі

Бүгін, 14:43 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Президент Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында оқулықтардың мазмұны заман талабына әрі жаңа Конституция идеяларына сай болғаны маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің тапсырмам бойынша осы жылдан бастап мектептерде «Құқық негіздері» пәні оқытылатын болды. Бұдан бөлек, оқу бағдарламасына «Конституция негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстары енгізіледі.

Негізгі мақсат: тек заңды сақтайтын, Конституцияны сыйлайтын жастар ғана жарқын келешекке, мол табысқа қол жеткізеді, түсінікті тілмен айтсақ, бақытты өмір сүреді.

Ал заңға немқұрайлы қарайтын, заң ережелерін бұзып жүрген жастар қылмыстық жазасын алып, өз өміріне балта шабуда.

Өкінішке қарай, бұл өте қарапайым ақиқатты көптеген жас азаматтар білмейді де, түсінбейді де. Біздің міндет – оларға өмірдің осы шындығын түсіндіріп айту.

Жалпы, оқулықтардың мазмұны заман талабына, сондай-ақ, жаңа Конституция идеяларына сай болғаны өте маңызды. Осы міндеттің сапалы әрі уақтылы орындалуына Үкімет пен тиісті министрлік тікелей жауапты», – деді Президент.