Қазақстан және Қырғызстан аумақтарында жер сілкінді

Қазақстан және Қырғызстан аумақтарында жер сілкінді

Қазақстан және Қырғызстан аумақтарында жер сілкінді
ашық дереккөзі
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:47-де Алматыдан оңтүстікке қарай 613 километр қашықтағы Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің қуаты 6,3 магнитуданы құраған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Сейсмология институтының директоры Қанат Әбдрахматов мәлімдеді. Оның сөздерінше, жер сілкінісінің ошағы Ош облысы Алай ауданынан 30-40 шақырым қашықтықта. «Жер сілкінісі бүгін сағат 10:47-те болды. Оның қуаты 6-7 балл. 3-4 баллдық жер дүмпуі Исфар, Ош, Баткенде де сезілген. Бішкекте 2-3 балл, одан көп емес», -дейді Қанат Әбдрахматов. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін Чон-Алай ауданындағы Жекенди ауылы үйлерінің қабырғалары жарылған. ТЖМ мамандары оқиға орнына кеткен. Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстік өңірінде де сезілген. Қазақстанның Сейсмология институтының өкілі Әнуар Бигалиевтің айтуынша, жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасымен бірге Алматы облысында, Жамбыл облысының Меркі ауданында және Оңтүстік Қазақстан облысында сезілген. "Алматыда дүмпу қуаты 2 балл шамасында, Меркі мен Оңтүстік Қазақстан облысында 3-4 балл шамасында сезілді" дейді ол.