Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтаған жөн – Президент

Бүгін, 14:38 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада өтіп жатқан «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Үкіметке Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа формация мамандарын даярлауды орта білімнен бөліп қарауға болмайды. Төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе болғаны жөн. Конституциямызда жалпыға бірдей білім беру стандарты белгіленген. Мұны міндетті түрде ескеру керек. Қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылады. Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн», – деді Президент.

 

Тэгтер:

мұғалім ұстаз