«6 айдан кейін куәгерден күдіктіге айналған»: Айыпталушы Жұбаниязованың адвокаты сотта оның құқығы шектелгенін айтты

Бүгін, 10:27 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысында айыпталушы, МИБ төрағасы Жұбаниязованың адвокаты сөз сөйлеп, оның құқықтары шектелгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біздің қорғалушымыз алты айдан астам уақыт бойы куәгер болып келген. Кейін күдікті болды. Бірақ қорғаушы тарапта куәгердің нақты күдіктіге айналған сәті туралы құжаттар жоқ. Іс жүзінде Жұбаниязованың қорғалуға деген құқығы шектелген. Қорғаушы іс материалдарымен сот талқысы барысында танысты. Осылайша Жұбаниязованы айыптауға қатысты процессуалдық іс-әрекеттердің көбісі қорғаушы тараптың қатысуынсыз жүргізілген», - деді ол.

Тэгтер:

адвокат фельдшер Ұлдана Мырзуан Әділет Зейнел Жұбаниязова