«Нағыз сорлы еркектің тірлігі»: Жеңіс Ысқақова әйелін ұрған ер адамдарды сынады

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Жеңіс Ысқақова отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас пен әйелдің шыдамдылығы туралы пікір білдірді. Өнер иесі әйел адам зорлық-зомбылыққа төзбеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің сөзінше, шыдамдылық – күнделікті тұрмыстағы қиындықтарға сабырмен қарау.

«Шыдамдылық деген жұмыстан шаршап келгенде балаңның еркелігін көтеру, күйеуіңнің шайын құйып беру. Соның өзін қиындатады. Ал қазіргі қоғамда еркектердің әйелдерін балалардың көзінше нұқуы – нағыз сорлы еркектің тірлігі. Ол сорлылыққа әйел шыдамау керек. Ол кезде шыдамсыздық бөлек дүние», – деді Жеңіс Ысқақова.

Ол мұндай жағдайда әйел ең алдымен өзін және балаларын қорғауы керек екенін атап өтті.

«Бұл жерде әйел өзінің балаларын, отбасын, өзін қорғау керек. "Саған жүр, сөйлесіп келейік, сыртқа шық" демесе, салып жібер әкең! Сөзбен түсіндір. Бір еркекті тоқтата алмайсың ба?» – деді әнші.