Шавкат Рахмонов жаттығуда бокстан екі дүркін әлем чемпионын қылқындыру әдісімен жеңді

Бүгін, 22:44 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

UFC-де жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбаймен спарринг өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

UFC-дің жартылай орта салмақ өкілі Шавкат Рахмонов тізесінен алған ауыр жарақатынан кейінгі ұзақ оңалту кезеңінен соң бабын қайта жинап жатыр. DAR Team командасының әлеуметтік желідегі парақшасында файтердің кезекті жаттығуынан видео жарияланды. Бұл жолы оның жаттығудағы серіктесі – бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай болды.

Жарияланған видеолардың бірінде «Номад» жекпе-жекті партерге ауыстырып, боксшыға күрестегі шеберлігін көрсетті. Рахмонов Тәшкенбайды қылқындыру әдісіне түсірді. Боксшы берілгенін білдірген сәтте Шавкат оны бірден босатты. 

Шавкат Рахмонов (19-0) үшін мұндай жүктемелерге қайта оралу – аса маңызды кезең. Ол октагондағы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов