Ақмола облысы Атбасар қаласында көршісінің үйіне түнде кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның мәліметінше, 37 жастағы ер адамның 20 жастағы көршісінің үйіне кіргені анықталды. Ол өз әрекетін қызбен сөйлескісі келгенімен түсіндірген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ ер адамның әрекетінің себептерін анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция тұрғын үйге қол сұғылмайтынын еске салады. Өзгенің үйіне заңсыз кіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Ведомство азаматтарды өзге адамдардың жеке шекарасы мен құқықтарын құрметтеуге және мәселелерді басқа адамның үйіне заңсыз кіру арқылы шешуге тырыспауға шақырады.