Түркістан қаласы Нахипов көшесінде орналасқан екі қабатты жекеменшік мектеп ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ мен Апаттар медицинасы орталығының шамамен 35 қызметкері және 9 техникасы қатысты.
Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылып, жұмыстарды жүргізу үшін судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.