Қостанай облысында жүк көлігіне соғылған мотоциклші қаза тапты

Бүгін, 16:00 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қостанай облысында КамАЗбен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты Қостанай облысындағы ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде оның қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген. Соның салдарынан мотоцикл жүргізушісімен соқтығысқан.

Алған жарақаттарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлері апаттың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Қостанай облысы Жол апаты КамАЗ мотоцикл