Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», – делінген хабарламада.