Дзюдошылар бұрынғы бас бапкеріне автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін, 15:05 / Інжу Әлихан
Скриншот

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дзюдодан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Ермек Иманбековтің 65 жылдық мерейтойына шәкірттері көлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап

Азамат Мұқанов бастаған шәкірттері ұстазына темір тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті.

Ермек Иманбековтің жетекшілігімен Қазақстан балуандары Олимпиада, әлем және Азия додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Соның ішінде 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Елдос Сметов алтын, Рустам Ибраев күміс медаль иеленіп, әлем біріншілігінің финалында алғаш рет екі қазақстандық балуан белдесті. Ал 2013 жылғы әлем чемпионатында Азамат Мұқанов күміс жүлдеге ие болды.

2014 жылғы Инчхон Азия ойындарында да Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды. Елдос Сметов чемпион атанса, Максим Раков күміс жүлдегер болды.