«Ажырасуға мен бастамашы болған жоқпын»: Арман Жұмагелдиевтің екінші әйелі мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:06 / Алуа Арман

Дикий Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің екінші келіншегі Айкөл Аликжанова YouTube арналардың біріне сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Арманның басына іс түскенде тастап кетпедім. Кету деген тіпті ойымда болған жоқ. Бірақ біз ажырасып кеттік және ол менің бастамам болған жоқ. 20 жылға сотталу деген тым көп. Біз қызымыздың ата-анасы болып қаламыз. Мен мұның бәрін қабылдадым. Ол өзі осылай болғанын қалады. Маған тек бәрін қабылдау ғана қалды. Маған таңдау қалдырған жоқ, қайтар жол қалдырған жоқ. Сонда да мен ол үшін дұға етемін. Қызыма үнемі суреттерін көрсетіп отырамын», - деді ол.

Айкөл өзінің енесі, Арманның анасын да есіне алды.

«Енемде қыз болмаған. Арман жалғыз ұлы. Енемді жақсы көрдім. Сағындым. Бір жыл бұрын дүние салды. Мен ол кісіні ене деп емес, тұлға деп қабылдадым. Көптеген қиындықтан мойымай өткен адам. Бұған дейін де Арман 8 жылдай абақтыда отырған. Соның бәріне енем мойымаған. Сол себепті мен ол кісіні сыйладым. Ол кісінің мінезі мықты әрі қиын еді. Екінің бірі тілін таба алмайтын. Мен ол кісіге қызындай болғым келді. Барлық артықшылығымен, кемшілігімен қабылдадым», - деді ол.

Айта кетейік, Айкөл Аликжанова 2014 жылы «Қырғызстан аруы» атанған, дизайнер, модель. Қазір кәсіппен айналысады.

Тэгтер:

Дикий Арман Арман Жұмагелдиев Айкөл Аликжанова