Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 14:16 / Інжу Әлихан
АқЖайық

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай болып, өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрттің фото және видеолары таралып жатыр. Кәсіпорындағы жағдайға қатысты «АНПЗ» ЖШС баспасөз қызметі түсінік берді.

«Сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) тұндырғышында өрт шықты. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Тұндырғыштың ішінде орналасқан мұнай шламы жанған. Қазір өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда», – делінген хабарламада.