Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында ғылым саласындағы халықаралық серіктестікті дамыту және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары негізінде жүзеге асырылып жатқан жаңа мүмкіндіктер туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министрдің сөзінше, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында оқу бағдарламалары өңірдегі компаниялардың сұранысына қарай жасақталған.
«Қазір Ақтөбеде үш мамандық бойынша оқытып жатырмыз: мұнай инженериясы, электр энергетикасы және компьютерлік инженерия. Heriot-Watt – Ұлыбританияның мықты зерттеу университеті. Жұбанов университетінің негізінде төрт жылдан бері қатарынан жұмыс істеп келе жатыр.
Сонда біз жергілікті барлық компанияны жинап, Heriot-Watt университетінен: «Сіздерге қандай мамандықтар керек?» – деп сұрадық. Олар осы аталған үш бағытты атады», – деді министр .