Олжас Бектенов: 2027-2029 жылдардағы бюджет сапалы жоспарланған болуы керек

Бүгін, 10:19 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бюджет республикалық және жергілікті деңгейдегі теңгерімдікті қамтамасыз ете отырып, қаржыны сапалы жоспарлау мен тиімді бөлу бағытында жүзеге асырылуы керек екенін баса айтты.

«Жақында ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысының қарауына әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды. Президент республикалық және жергілікті деңгейде бюджет теңгерімділігін қамтамасыз етіп, қаржыны сапалы жоспарлау мен тиімді бөлуді тапсырды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.