«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шығыс және оңтүстік-шығыста - жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 25–28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін, Шымкентте - 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыста ауа температурасы +35...+42°C-қа дейін көтеріліп, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.