Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 21:55 / Жамбыл Жайлау
shutterstock.com

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 24 тамыз күні сағат 19:31-де тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 49,117 градус солтүстік ендік және 84,500 градус шығыс бойлық.

Мамандардың есептеуінше, Үлкен-Нарын ауылында сезілген жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балды құраған.

Әзірге жерасты дүмпуінен қандай да бір зардап немесе қирау болғаны туралы ақпарат жоқ.

Тэгтер:

ШҚО Жер сілкінісі