"Жағдайын сұрап шықтық": Сәкен Майғазиев ота жасатқан Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы туралы айтты

Бүгін, 20:06 / Жамбыл Жайлау
ozgeris.info

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы туралы айтып, оның жағдайын білу үшін арнайы барып қайтқанын жеткізді, деп turkystan.kz тілшісі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

"Ақ Кенжештің жағдайын сұрап шықтық. Аллаға шүкір, жақсы болып келе жатыр екен", – деді Сәкен Майғазиев.

Сонымен қатар әнші әріптесіне медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, еңбектері үшін алғыс айтты.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбілов