Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 09:15 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында негізгі шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елордада доллардың сатып алу бағамы 456 теңге болса, сату құны 463 теңгеге жетті. Еуро 529 теңгеден сатып алынып, 539 теңгеден сатылуда. Ресей рублінің бағамы 5,26-5,90 теңге аралығында. Ал юань 68,42 теңгеден сатып алынып, 72,54 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 458,99 теңгеден сатып алынып, 461,75 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы 532,94 теңге, сату бағасы 538,56 теңге болды.

Алматыда ресей рублі 5,31-5,44 теңге аралығында саудаланса, қытай юанының бағамы 68,44-70,89 теңге шамасында қалыптасты.