Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Бүгін, 08:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қызылорда облысының Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 22 тамыз сағат 7 шамасында болған.

"КамАЗ" бен "Nexia" маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Қазір тепгеу жүріп жатыр", - дейді Қызылорда облысының полиция департаменті.

Тергеу барысын полиция департаменті бақылауға алды.

Әлеуметтік желіде қаза болғандардың Өзбекстан азаматы екені айтылып жатыр.