Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:46 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

24 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.