Сайлаудың ашық әрі жария өтуін жоғары бағалаймыз – ЖСДП төрағасы

Бүгін, 01:55 / Дана Ізтілеуова

Exit poll-дың алдын ала нәтижесі бойынша Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5%-дан астамының қолдауына ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов партияға сенім білдірген барша қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

Ол сондай-ақ сайлау науқаны барысында партиямен бірге жұмыс істеген белсенділер мен еріктілерге ризашылығын білдірді.

«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл – үлкен жауапкершілік», – деді Асхат Рахымжанов.