Қазіргі жастардың сайлауға қатысуда белсенділігі жоғары — Жастар ғылыми зерттеу орталығы

23 тамыз, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Балгүл Мәмен жастар белсенділігі жайында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан – демографиялық жағынан жас мемлекет. Бұрынғы буын мен қазіргі жастардың сайлауға және саяси процестерге деген көзқарасы мен белсенділігі өте жоғары. Зерттеулерге сәйкес, елімізде жастардың 67,6 пайызы сайлауды маңызды деп санайды. Бұл тұста жастар сайлаушы емес, кандидат ретінде көргісі келеді. Құрылтай сайлауына кандидаттар тізіміндегі 545 кандидаттың 67-сі – 35 жасқа дейінгі жастар. Яғни бүгінгі жастардың тенденциясы – қызығушылықтан қатысуға, қатысудан жауапкершілікке бастайды», - дейді ол.