Француз көрермендері Димашқа тәнті болды

Француз көрермендері Димашқа тәнті болды

Француз көрермендері Димашқа тәнті болды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Францияның "France 2" бағдарламасында өнер көрсетті, - деп хабарлады әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов. Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайбергенді Les années bonheur жобасының бас жүргізушісі Себастьян Патрик шақыртқан. "Ол Димашты Интернеттен көріп, Франциядағы бағдарламасына арнайы құрметті қонақ ретінде шақырды. Бағдарламада Димашпен бірге әлемге танымал көптеген өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Осы кеште LP Лаура да (Лаура Перголицци) ән айтатын болады", - деп хабарлады ол. Бағдарлама 6 мамырда көрсетіледі. Бұл туралы әншінің өзі де Instagram желісінде жазды. "Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы боламын! Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те өткізіп алмаңыздар!!!", - деген әнші бағдарламаның үзіндісі көрсетілген видео жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=B4xCZ7CxyTQ