Қазақстан өңірлерінде Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де сайлау учаскелерінің басым бөлігі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дауыс беру аяқталған соң учаскелік сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санап, сайлау нәтижелерін рәсімдеуге кіріседі. Комиссиялардың хаттамалары қорытынды шығару үшін сайлау комиссияларына жолданады.
Ал шетелдегі кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де жұмысын бастаған Сан-Францискодағы учаскеде қазақстандықтар дауыс беруді ең соңғы болып аяқтайды.