Қостанай облысында теміржолшылар әулеті сайлауда дауыс берді

Бүгін, 19:42 / Ербұлан Қайрат

Қостанай облысында теміржолшылар әулеті Мақсұтхан отбасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Абай Облысы Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше ұрпақтан бері теміржол саласында қызмет ететін Мақсұтхан отбасы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Бұл әулеттің бірнеше ұрпағы теміржол саласында еңбек етіп, елді мекен мен ауданның көлік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып келеді.

Мақсұтхан отбасының мүшелері сайлау учаскесіне бірге келіп, әрқайсысы өз таңдауын жеке жасады. Осылайша, теміржолшылар әулеті кәсіби сабақтастықпен қатар, қоғамдық өмірге қатысу дәстүрін де жалғастырды.