Қостанай облысында жас жігіт сайлауға Гарри Поттер образында барды – ВИДЕО

Бүгін, 19:25 / Ербұлан Қайрат

Лисаков қаласындағы сайлау учаскелерінің біріне Гарри Поттер образындағы жас тұрғын келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Танымал кейіпкердің костюмін киген сайлаушы көпшіліктің назарын аударды. Ерекше образ учаскедегі қалыпты көрініске өзгеше реңк беріп, дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Лисаков жастары сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершілікпен қатар, шығармашылық көзқараспен де ұштастыруға болатынын көрсетті.