Түрлі-түсті тосынсый: Абай облысында сайлау күні балаларға да қуаныш сыйлады

Бүгін, 19:17 / Ербұлан Қайрат

Абай облысы Бесқарағай ауылындағы №257 сайлау учаскесінде ата-аналарымен бірге келген балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ересектер дауыс беруге қатысып жатқанда, кішкентай қонақтар түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Балалардың жүзіндегі жарқын бейнелер сайлау учаскесіне ерекше жылылық пен мерекелік атмосфера сыйлады.

Аквагрим балалар үшін жағымды тосынсыйға айналып, отбасымен бірге сайлау учаскесіне келген тұрғындардың бұл күннен жақсы әсер алуына себеп болды.