«Tarbiya» брендінің негізін қалаған танымал дизайнер Ханойда дауыс берді

Бүгін, 19:11 / Алуа Арман

Ұлттық киім дизайнері, «Tarbiya» брендінің негізін қалаушы Тарбия Айдынбаева Ханой қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дизайнер ұшақтан түсе сала Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінде орналасқан №476 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасаған.

Оның айтуынша, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстаным білдіру – әр азамат үшін маңызды.

Бүгін ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасап, азаматтық ұстанымымды білдірдім. Қоғамның дамуына әр азамат өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Құрылтай - елдің келешегіне қатысты пікір білдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң, - деді Тарбия Айдынбаева.

Айта кетейік, бұл Тарбия Айдынбаеваның шетелде сайлауға алғаш қатысуы емес. 2022 жылы Нью-Йоркке алғаш барған кезінде де ұшақтан түсе сала Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығына барып, Президент сайлауында дауыс берген.

Тэгтер:

сайлау Құрылтай