Қызылорда облысында бір әулеттен шыққан 10 дәрігер дауыс беруге бірге барды

Бүгін, 19:00 / Дана Ізтілеуова

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дәрігерлер династиясы саналатын Артықовтар әулеті №335 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл әулеттің медицина саласындағы еңбек жолы 1930 жылдан бастау алады. Содан бері бірнеше буын өкілдері ақ халатты абзал жандар қатарында қызмет етіп, ел денсаулығын сақтау ісіне өз үлесін қосып келеді. Бүгінде әулеттен 10-нан астам дәрігер шығып, олардың әрқайсысы медицина саласында абыройлы еңбек етіп жүр.

Сайлау күні Артықовтар әулетінің мүшелері азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты тарихи сайлауда өз дауысын берді.

«Біздің әулет үшін елге қызмет ету – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүр. Бүгінгі таңдауды да еліміздің болашағы үшін маңызды қадам деп білеміз», – дейді әулет өкілдері.