Шымкенттегі сайлау учаскелеріне «Ұрпақ үні» тақырыбындағы боямақтар орналастырылды

Бүгін, 18:41 / Алуа Арман

Шымкенттегі бірқатар сайлау учаскелерінде балаларымен бірге келген дауыс беруші ата-аналарға «Ұрпақ үні» тақырыбындағы арнайы боямақтар орналастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған бастама балалардың сайлау учаскесіндегі уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, ата-аналардың дауыс беру рәсіміне қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Ұрпақ үні» боямақтарында балалардың ел болашағы, бейбіт өмір, білім және Отан тақырыптарына қатысты бейнелерді бояуына мүмкіндік қарастырылған.

Баланың әрбір салған суреті – оның арманы мен болашаққа деген үмітінің көрінісі.

Балалардың арманы – елдің ертеңі.

Ал жарқын болашақ – бүгінгі ортақ жауапкершіліктен басталады!

Арнайы боямақтар ұйымдастырылған сайлау учаскелері:

№286 сайлау учаскесі – №137 жалпы орта мектеп;

№352 сайлау учаскесі – №3 Оқушылар сарайы.

Тэгтер:

сайлау Құрылтай