Шығыс Қазақстан облысында шалғай елді-мекеннің тұрғыны дауыс беру үшін сайлау учаскесіне тікұшақпен ұшып барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл – азаматтың қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетсе керек. Ол азаматтық парызын орындау үшін ештеңе кедергі бола алмайтынын дәлелдеді.
Айта кетейік, сағат 18:00-де елімізде сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу көрсеткішін жариялады. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 18:00-де елімізде 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы.