Жетісу облысындағы сайлау учаскесінде «Өз ізіңді қалдыр» шығармашылық акциясы өтті

Бүгін, 18:34 / Інжу Әлихан
Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісу облысындағы №396 және №429 сайлау учаскелерінде «Өз ізіңді қалдыр» шығармашылық акциясы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Учаскелерге үлкен тақырыптық баннер-боямақ қойылды. Дауыс беріп шыққан азаматтарға түрлі түсті бояулар ұсынылып, олар баннердегі дайын суреттің жекелеген бөліктерін өз қалауынша бояды. Әр қатысушы композицияның бір бөлігіне өз түсін қосып, ортақ суреттің қалыптасуына үлес қосты.

Баннерде «Болашақты бірге жасаймыз» идеясы, бірлік, бейбітшілік, даму және жарқын болашақ тақырыптары бейнеленді. Нәтижесінде ондаған адамның жеке таңдауы бірігіп, біртұтас көркем композицияға айналды.