Қазірге дейін 9 млн азамат дауыс берді – ОСК

Бүгін, 18:20 / Ербұлан Қайрат

Сағат 18:00-де сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу көрсеткішін жариялады. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 18:00-де елімізде 9 095 298 сайлаушы бюллетень алған. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 90,17 пайызы дауыс берген. Одан кейін Жетісу облысы тұр, көрсеткіш 89,69 пайыз. Қызылорда облысында сайлаушылардың 88,09 пайызы таңдауын жасаған.

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді, 41,06 пайыз. Астанада сайлаушылардың 49,87 пайызы дауыс берген.

Өңірлердегі дауыс беруге қатысу көрсеткіші:

Астана қаласы: 49,87 пайыз.

Абай облысы: 77,54 пайыз.

Ақмола облысы: 78,95 пайыз.

Ақтөбе облысы: 84,95 пайыз.

Алматы облысы: 70,04 пайыз.

Атырау облысы: 69,05 пайыз.

Батыс Қазақстан облысы: 71,15 пайыз.

Жамбыл облысы: 83,99 пайыз.

Жетісу облысы: 89,69 пайыз.

Қарағанды облысы: 74,78 пайыз.

Қостанай облысы: 75,31 пайыз.

Қызылорда облысы: 88,09 пайыз.

Маңғыстау облысы: 70,61 пайыз.

Павлодар облысы: 69,99 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысы: 75,14 пайыз.

Түркістан облысы: 90,17 пайыз.

Ұлытау облысы: 68,23 пайыз.

Шығыс Қазақстан облысы: 85,43 пайыз.

Алматы қаласы: 41,06 пайыз.

Шымкент қаласы: 71,89 пайыз.

Сайлаушылардың уақытша болу орындарында құрылған 548 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлауға қатысу туралы келесі ақпарат сағат 20:00-де жарияланады.