Қонаевта Құрылтай сайлауында адам өмірін құтқаруды кәсіби міндетіне айналдырған құтқарушы Самғат Сәрсек өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Самғат Сәрсек 6 жылдан астам уақыт бойы құтқарушы болып еңбек етіп келеді. Ол Қонаевтағы №5 жағажайда қызмет атқарып, шомылу маусымында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Биылғы шомылу маусымында Самғат 15 адамның өмірін ажалдан арашалап қалды. Әрбір жағдай шапшаңдықты, батылдықты және кәсіби шеберлікті талап етеді. Бір сәттік шешім адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бүгін тәжірибелі құтқарушы кезекті маңызды міндетін орындап, Құрылтай сайлауына қатысып, өз дауысын берді.