Азия елдеріндегі сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады – СІМ

Бүгін, 18:05 / Ербұлан Қайрат

Азиядағы тоғыз елде шетелдік сайлау учаскелері жұмысын аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Қазір Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Таиланд және Вьетнамдағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды.

Уақыт белдеулеріне байланысты Азия мемлекеттеріндегі учаскелер шетелде алғашқылардың бірі болып ашылып, жұмысын ерте аяқтады. Дауыс беру тоқтатылғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары қорытынды рәсімдеріне кірісті.

Әлемнің басқа елдерінде Қазақстан азаматтарының дауыс беруі жалғасып жатыр.