Шрек, есек, сиқыршы, Өрмекші адам: Қостанайлықтар сайлауға түрлі костюм киіп барды – ВИДЕО

Бүгін, 17:59 / Ербұлан Қайрат

Қостанайдағы сайлау учаскелерінің біріне Шрек, есек, сиқыршы мен Өрмекші адам образындағы тұрғындар келіп, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Танымал кейіпкерлердің костюмін киген азаматтар көпшіліктің назарын бірден аударды.

Түрлі образдар сайлау учаскесіндегі қалыпты көрініске өзгеше реңк беріп, дауыс беру күнінің көңілді сәттерінің біріне айналды.