Оңтүстік Африка Республикасындағы сайлау учаскесінде Қазақстанның 19 азаматы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеем жасап.
Шетелдегі дауыс беру жергілікті уақытқа сәйкес ұйымдастырылуда. Қазақстаннан тыс жерде жүрген азаматтарға конституциялық құқығын пайдалану үшін арнайы сайлау учаскелері ашылған.
Оңтүстік Африка Республикасындағы учаске Африка құрлығында жұмыс істеп тұрған шетелдік дауыс беру орындарының бірі саналады.