Бүгін, 23 тамызда үйлену тойы болғалы жатқан жас жұбайлар дауыс беру үшін сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құрылтай сайлауы күні отау құрған Абзал Серікбай мен Жансая Қазбекқызы Көкшетау қаласындағы №27 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Жаңа шаңырақ көтеріп жатқан жастар үшін бұл күн – қос қуанышқа толы. Отбасылық өмірдің жаңа белесін бастаумен қатар, ел болашағы үшін маңызды қоғамдық іске де атсалысып, өз таңдауын бірге жасады.