Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 17:16 / Ербұлан Қайрат
сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.