Братиславадағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғап жүрген қазақстандық балуандар Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс кестесінің тығыздығына қарамастан, спортшылар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз азаматтық таңдауларын жасады.
Осылайша, әлемдік додада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген жас балуандар спорттағы жауапкершілікпен қатар, азаматтық ұстанымын да айқын көрсетті.
Қазақстандық күрес федерациясы барша азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысып, азаматтық парызын орындауға шақырады.