"Қазақстан барысы – 2026" Құрылтай сайлауына дауыс беруге барды

Бүгін, 17:05 / Ербұлан Қайрат

«Қазақстан барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы Жәнтілек Нұртілепұлы Құрылтай депутаттарын сайлауға барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы Ақтау қаласындағы №252 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

«Мен сайлауға барып, дауыс бердім. Бұл спортшы әрі Маңғыстау тұрғыны ретіндегі азаматтық борышым. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысқаны маңызды деп есептеймін», деді Жәнтілек Нұртілепұлы.

Айта кетейік, Жәнтілек Нұртілепұлы – Маңғыстау облысынан «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған алғашқы балуан.