Жаңалықтар

Оқушылардың интернетке кіруі заңмен шектелмек

ашық дереккөзі

Оқушылардың интернетке кіруі заңмен шектелмек

Қазақстандық оқушылардың интернетке кіру құқығы шектелмек. Мәжілісте балаларды қорғау туралы құжатты талқылаған депутаттар жасөспірімдерді сананы улайтын сайттар мен әлеуметтік желілерден осылай аластатпақ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Жасөспірімдерге әлеуметтік желіге, порнографиялық сайттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ол үшін ұялы байланыс операторлары оқушыларға арналған интернет пакетін шығарғалы жатыр екен. Бірақ компьютер клубтары барын ескерсек, жеткіншектер шектеуді айналып өтері сөзсіз. Оның үстіне интернетті бақылау мүмкін еместігін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Алайда, халық қалаулылары бір жолын табуды сұрап ұл-қыздарға психиканы бұзатын атыс-шабыс ойындарды да ойнатпау керек дейді. "Тосқауыл қоймай болмайды. Өйткені, Whatsapp немесе басқа желіде болып жатқан дүниені баланың психикасы көтермейді. Оны тыңдап көрген соң баланың агрессиясы көтеріліп, әртүрлі экстремистік, террористік немесе баланың рухани болмысын астаң кестең ететін ақпараттан қорғауымыз керек", - дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.