Астана тұрғыны дауыс беруге балдақпен барды – ВИДЕО

Бүгін, 16:49 / Ербұлан Қайрат

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде балдаққа сүйенген жас жігіт дауыс берді. Жарақатына қарамастан сайлаушы учаскеге өзі келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлау комиссиясының мүшелері тұрғынның дауыс беру бөлмесіне кіруіне көмектесті.

Құжаттары тексерілгеннен кейін жас жігіт бюллетень алып, жасырын кабинада дауысын берді.