Еліміздің танымал боксшылары сайлауға бірге барды

Бүгін, 16:27 / Ербұлан Қайрат

Алматы облысында оқу-жаттығу өткізіп жатқан Қазақстан ұлттық бокс құрамасының мүшелері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды.

Спортшылар Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс бергендер қатарында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Нұркен Андасов, Медеу Жұмашев, Нұржан Құғдыбаев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов, Ғайни Әшкеев, Мақсат Бақтыбазаров және Асқар Еркебаев болды.

Танымал боксшылардың сайлау учаскесіне келуі тұрғындардың назарын аударды. Сайлаушылар спортшылармен суретке түсіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Тығыз жаттығу кестесіне қарамастан, ұлттық құрама мүшелері дауыс беруге уақыт бөліп, кейін дайындықты жалғастырды.